Ссылки доступа

Қырғызстан экс-вице-премьері Жеңіс Разақов ұсталды


Бішкекте қырғыз бұрынғы вице-премьер-министр Жеңіс Разақов ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне құқық қорғау органдарындағы дереккөздер хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

ІІМ баспасөз қызметі Азаттыққа Разақов ұсталды деген мәліметті тексеруге уәде берді.

Жеңіс Разақов 1996 жылдан бастап ішкі істер органдарында істеген. 2011 жылы Баткен облысы ішкі істер басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2012-2016 жылдар аралығында Разақов Баткен облысының басшысы болды.

2016 жылы Разақов вице-премьер-министр қызметіне тағайындалып, осы қызметте бір жылға жуық отырды.

XS
SM
MD
LG