Бұл мәліметті Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі хабарлады.
Онда жарияланған құжатқа сәйкес, мәселен Өзбекстан азаматы 30 күннен аспайтын мерзімге Қазақстанға баратын болса, кез-келген уақытта, тұрғылықты жеріне қарамастан Қазақстанға қайта кіріп-шыға алады. Осыған дейін бес күнге дейін тіркеусіз жүре алатын.
Ал егер Қазақстанға келу мерзімі 30 күннен асатын болса, тиісті органдардан міндетті түрде уақытша тұруға рұқсат алуы тиіс.