Ссылки доступа

Жогорку Кеңеш депутаты TikTok'ты Қырғызстанда бұғаттауды ұсынды


Жогорку Кеңеш депутаты Шайлообек Атазов парламенттің 1 ақпандағы отырысында TikTok әлеуметтік желісін Қырғызстан аумағында бұғаттауды ұсынды.

Атазовтың пікірінше, TikTok жас ұраққа кері әсер етеді және ұлттық иделогияға қайшы келеді. Депутат Мәдениет министрлігіне әлеуметтік желілерге назар аударуға кеңес берді.

"Мәдениет министрлігіне осы бағатты жұмыс істеуді тапсыру қажет. Адамдар отбасымен бірге TikTok көреді. Ұлттық идеологиядан ауытқымау керек", - дейді Атазов.

Парламент депутаттары TikTok әлеуметтік желісін Қырғызстанда бұғаттау мәселесін бұған дейін де көтерген. 2022 жылғы қыркүйекте депутат Надира Нарматова TikTok желісіне "мағынасыз дүниелер" жүктеледі деп мәлімдеген. Ал тағы бір депутат Жаныбек Қыдықбаев былтыр қарашада әлеуметтік желілерді бұғаттауды сұрап, ол балаға "кері әсер етеді" деген.

TikTok - шағын видео жүктеуге арналған танымал әлеуметтік желі. Әлемдегі ең көп жүктелетін қосымша ByteDance қытай компаниясына тиесілі.

Қырғызстан азаматтарының көбі TikTok желісін қолданады. Бұған қоса, Қырғызстанда ондаған танымал богер осы сервисте контент дайындайды.

XS
SM
MD
LG