31 қаңтарда Қашқадария облысы Яккабаг ауданындағы блогер Елмұрад Оділ жала жапты деген айыппен 15 тәулікке қамалды.
Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, 30 қаңтарда блогер Яккабаг ауданындағы №71 емханада жарық жоқ екені туралы жазған. Емхана әкімшілігі блогер әрекетіне қарсы шығып, мекемедегі қиыншылық туралы жаздауын сұраған. Тараптар келісе алмай, емхана медбикесі блогерді сотқа берді.
Өткен аптада ғана Елмұрат Оділ елдегі энергетика дағдарысына парламент сенаты төрайымы Танзила Нарбаеваны айыптап, оны қызметтен алуды талап еткен, пикет өткізген.