Ссылки доступа

Тәжікстан прокуратурасы милиция бөлімінде қаза тапқан азаматтың ісі бойынша пікір білдірді 


Абдукаххор Розиков 4 қаңтарда жерленді  
Абдукаххор Розиков 4 қаңтарда жерленді  

Куляб прокуратурасы 3 қаңтарға қараған түні милиция қызметкерлері тарапынан қамалған және белгісіз жағдайда қаза болған жергілікті тұрғын Абдукаххор Розиковтың ісі бойынша пікір білдірді. 

Прокурор Баходур Журахонның сөзінше, бұл іс бойынша үш милиция қызметкеріне айып тағылды: олардың бірі қамауда, екеуі тергеу аяқталғанға дейін ешқайда шықпау жөнінде қолхат жазып берген.

"Марқұмның туғандары мәйітханаға кіріп барғандықтан, сараптама мерзімі ұзарып кетті. Олар денесін көрген. Куляб сот медекспертизасына сенбейтінін білдірді. Біз орталықтан сарапшыларды шақырдық. Нәтижесі жақын күндері дайын болады", - деді ол.

Абдукаххор Розиковты 4 қаңтарда жер қойнауына тапсырды.

37 жастағы Абдукаххор Розиковтың атасы Сафар Гиёев оның денесінде азапталғаннан пайда болған іздер қалғанын айтады.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, Абдукаххор Розиков Гиссар тұрғыны Акбар Пироновқа 356 гр гашишті 500 долларға сатып жатқан жерінен ұсталған.

Абдукаххор Розиков бірнеше жыл бұрын есірткі саудасы үшін 12 жылға сотталған. Ол таяуда мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG