Ссылки доступа

Душанбе қатты аязда болған шығынды есептеп жатыр 


Душанбенің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы" қаңтарда болған қатты аяздан тұрғындарға келген шығынды есептеп жатыр. Қатты аяздан көптеген үйдің тұрбасы жарылып, тұрғындар сусыз қалған. 

Аталған мекеменің директоры Усмон Давлатзода қысқы дайындық жақсы болғанына қарамастан, бірқатар ақауды анықтадық деді.

"Суық күндерде тұрбалар қатып, жарылды. 660 су құбырын, 10 су тартқышты, 4530 су есептеуішті қалпына келтірдік. 364 апатты жағдай болғаны тіркелді. Дер кезінде жөндеп үлгердік. Душанбе тұрғындарынан шағым көп түсті", - деді ол.

Тәжікстанда 11 қаңтарда қатты аяз басталып, екі аптаға созылды. Бұл ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына көп шығын әкелген.

XS
SM
MD
LG