Ссылки доступа

Бішкекте кеден қызметі алдында наразылық акциясы өтті 


6 ақпанда Бішкектегі мемлекеттік кеден қызметі ғимараты алдында көлік сатумен айналысатын 40-қа жуық азамат наразылық шарасын өткізді. 

Олар Оңтүстік Кореядан көлікті Қырғызстанға әкелген кезде, баж салығының қымбаттап кеткенін білген. Олар биліктің алдын ала ескертпегеніне наразы болып, бұрынғы тарифті қайтаруды талап етті.

"Кеден қызметі біржақты бағаны өсіріп жатыр. Бұл соңғы 5-6 жылдан бері шетелден көлік әкелетін азаматтардың құқығын бұзып отыр. Бізге алдын ала ескертпеді. Бұрынғы тарифті қайтаруды талап етеміз. Жаңа тариф бойынша, бір көліктің салығы 4,6-5,5 мың долларға шығады", - дейді Алмаз Мавлянов есімді азамат.

Кеден қызметі әзірге бұл жәйтқа қатысты пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG