Ссылки доступа

АРИС "Клооп" шағымына қарсы арызын қайтарып алды 


Қоғамды дамыту және инвестициялау агенттігі (АРИС) “Клооп" басылымына қарсы арызын қайтарып алды. Бұл туралы аталған басылым 6 ақпанда сайтында жазды. 

Онда мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің басылымға жолдаған хатында АРИС 2 ақпанда жазған арызынан бас тартқаны айтылған.

Бұл мәліметті министрліктің баспасөз қызметі растады.

"Клооп" (Kloop) басылымы сайтының бұғатталуы мүмкін екенін жөнінде ескерту алғанын 1 ақпанда хабарлаған. Ақпарат министрлігі мен байланыс саласын реттеу және бақылау қызметі басылымға қоғамдық дамыту және инвестициялау агенттігіне (АРИС) байланысты мақаланы веб-сайтынан алып тастау талабымен хат жолдаған. Ресми хатта бұл материалда "жалған мәлімет" бары айтылған.

"Kлооп" бұл талапқа келіспейтінін, мақаланы сайтынан алмайтынын жеткізген.

Қазір ақпарат министрлігі "Азаттық Медианы" да жабу әрекетін жасап жатыр. Министрлік бұған Азат Еуропа /Азаттық радиосының тағы бір қызметі – “Настоящее время” телеканалының сайтында жарияланған видео материал негіз болғанын айтады. Азаттық бұл материалда журналистік талап сақталғанын және заңға қарсы ештеңе жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Министрліктің бұл әрекетін халықаралық және жергілікті ұйымдар, қоғамдық белсенділер, медиа сарапшылар сынап жатыр.

XS
SM
MD
LG