Ссылки доступа

Бішкек: "Кемпірабад ісі" бойынша емделуге зәру адамдар жоқ" 


"Кемпірабад ісі " бойынша айыпталып жатқандардың арасында емделуге зәру адамдар жоқ. Осылай деп Жазаны атқару қызметі хабарлады. 

Онда айыпталушылар дәрігерлердің қарауында, қажет кезінде ем алып жатыр делінген.

27 қаңтарда "Кемпірабад ісі" бойынша айыпталушылардың бірі Равшан Джеенбеков бас прокуратураға арызданып, тәуелсіз дәрігерлерді шақыруды сұраған. Оның сөзінше, дәрігерлер оның бауыры ауыратынын анықтаған. Бірақ ол №31 тергеу абақтысындағы дәрігерлерге қаралмайтынын, оларға сенбейтінін жеткізген.

3 ақпанда тағы бір айыпталушы Перизат Суранова денсаулығы сыр беріп жатқанын, ауруханаға жатуға мәжбүр екенін мәлімдеген.

30 қаңтарда экс-депутат Орозайым Нарматованы денсаулығына байланысты үйқамаққа шығарған.

2022 жылғы қазанда Қырғызстанда 30-ға жуық саясаткер мен белсенді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген күдікпен ұсталды. Сол оларды екі айға қамады, желтоқсанда тағы екі айға созды. Күдіктілер қылмыстық іс "қолдан құрастырылған" деп есептейді.

XS
SM
MD
LG