Ссылки доступа

Тәжікстан Түркияға 50 құтқарушы мен гуманитарлық көмек жібереді (видео)


Тәжікстан Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жібереді.

Елдің төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төраға орынбасары Имомали Иброхимзоданың айтуынша, апатты аймаққа 50 құтқарушы жіберіледі.

Таджикистан отправит в Турцию спасателей и гуманитарную помощь
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:42 0:00

Түркияның Тәжікстандағы елшісі Умут Аджардың сөзінше, тәжік билігі бұдан бөлек 10 тонна азық-түлік және қажетті заттар тиелген гуманитарлық көмек жөнелтетінін айтқан.

6 ақпанға қараған түні Түркияда жойқын жер сілкінісі болды.

Соңғы мәлімет бойынша зілзаладан қаза тапқандар саны 3549-ға жеткен. 22 мыңнан астам адам жараланған. Анкараға 65 ел көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Қазақстан да Түркияға құтқарушылар жіберді.

Ақпанның 6-сы күнгі жер сілкінісі осы ғасырда Түркияда болған аса ірі зілзала саналады. Ердоған оны "1939 жылдан кейін қайталанған аса ірі табиғи апат" деп атады. Дүйсенбі күні магнитудасы 7,7-ге тең жерасты дүмпуі тағы қайталанған. Дүмпу Грузия, Армения, Ливан, Иранда да сезілген.

XS
SM
MD
LG