Түркияға көмектескісі келетін азматтар "Айыл Банктегі" ИНН 01803199710084, БИК 135001, ОКПО 30597768, есеп-шот нөмері № 1350102119900169, төлем коды 14411100 арқылы көмектесе алады.
Түркиядағы Қырғызстан елшілігі зардап шеккендерге көмектесетін қор ашып жатқанын жеткізді.
Ақпанның 6-сы күнгі жер сілкінісі осы ғасырда Түркияда болған аса ірі зілзала саналады. Ердоған оны "1939 жылдан кейін қайталанған аса ірі табиғи апат" деп атады. Дүйсенбі күні магнитудасы 7,7-ге тең жерасты дүмпуі тағы қайталанған. Дүмпу Грузия, Армения, Ливан, Иранда да сезілген.
Ердоғанның сөзінше, бүгінге дейін Түркияға дүниежүзінің 70 елі көмектесуге уәде берген. Қазақстан да Түркияға құтқарушылар жіберді.