Ссылки доступа

Ташкенттік блогер "ақша бопсалады", "алаяқтық жасады" деген күдікпен ұсталды


Өзбек блогері Әбдуқодир Мүмінов.
Өзбек блогері Әбдуқодир Мүмінов.

Ташкент қаласының ішкі істер бас басқармасы блогер Әбдуқодир Мүміновтің ұсталғанын растады.

Ол "ақша бопсалады", "алаяқтық" жасады деген күдікпен қамауға алынған. 8 ақпанда әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде ташкенттік блогер Мүмінов із-түссіз жоғалып кетті деген ақпарат тараған. Мүмінов "Ko'zgu" Youtube-арнасының авторы.

Блогердің туыстарының хабарлауынша, қарапайым киінген адамдар блогердің Ташкенттің Яшнабад ауданында орналасқан үйін тінтіген.

- Таңғы сағат алтыда Әбдуқодир автокөлігіне бензин құю үшін үйден шығып, сол күйі қайта оралмады. Біз оның қайда екенін білмейміз. Телефонға жауап бермейді. Ұлым үйден шығып кеткен соң есікті белгісіз біреулер қақты. Үйде келінім болған. Ол қорқып, есікті ашпаған. Бірақ олар есікті өз кілтімен ашып кірген. Олар келініме ордер көрсетіп, үйді тінти бастаған. Содан кейін ұлымнын компьютерін алып кеткен. Олар Әбдіқодир қайда екенін білмейтінін айтқан. Оның жоғалғанына 12 сағат болды, қайда екенін біз де білмейміз. Ішкі істер органдары ешқандай мәлімет бермей отыр, - дейді блогердің анасы Сабохат Абдуллаева.

Бұның алдында ғана Өзбекстанда Human.uz сайтының кеңсесі тінтіліп, бірқатар журналист пен блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Ташкент қалалық милициясының мәліметінше, Э. З. есімді азамат ішкі іскер басқармасына арызданып, Әбдуқодир Мүміновке қарсы шара қолдануды сұраған. 2021 жылғы қазанда блогер компанияға қатысты "қылмыстық істі шешіп берем" деп уәде берген. Мүмінов қызметі үшін "10 мың доллар сұрап, соның 3800 долларын алып, жаратып қойған, бірақ уәдені орындамаған", деп жазылған милиция таратқан мәліметте.

Әбдіқодир Мүміновтің анасы ұлының жоғалуы мен үйі тінтілгенін оның блогерлік қызметімен байланыстырып отыр.

Мүміновтің жақын әріптесі, тағы бір өзбек блогері Аслиддин Камол досының жоғалуы президент Шавкат Мирзияевтің күйеу балаларына қатысы бар істерді зерттеп жүргенімен байланысты деп есептейді.

XS
SM
MD
LG