Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": экс-судья Клара Сооронқұловаға жаңа айып тағылды


"Кемпірабад ісіндегі" күдікті, Конституциялық палатаның экс-судьясы Клара Сооронқұловаға жаңа айып тағылды. Бұл туралы оның адвокаты Чинара Жақұпбекова әлеуметтік желіде хабарлады.

Оның айтуынша, айыптау белсенді Мирлан Ураимовтың фейсбукте бір жыл бұрынғы жазбасын бөлісуге қатысты тағылған.

"Бұл жазба "Камасаңдар баарыбызды камагыла" ("Қамасаңдар бәрімізді де қамаңдар") флешмобы аясында жазылған. Жазба шамамен бір жыл бұрын жазылған. Сол кезде ҰҚМК сараптама тағайындаған, бірақ іс қозғамаған. Енді Кемпірабад ісі бойынша ештеңе таппаған соң, бір жыл бұрынғы жазбаны қайта қазбалап жатыр", - деп жазды заңгер.

ІІМ баспасөз қызметі Азаттықтың Қырғыз қызметіне Соороқұлова адвокаты айтқан жаңа айыптаулар туралы мәлімет беруден бас тартты.

Қаңтардың аяғында Кемпірабад ісіндегі тағы бір күдікті Атай Бейшенбекке қарсы басқа бір қылмыстық іс қозғаған. Бұл іс оны ұстауға қатысы бар істен бөлек.

2022 жылғы қазанда ІІМ 20-дан астам саясаткер мен белсендіні "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген айыппен ұстады. Содан бері олар қамауда отыр. Ұсталғандар істің саяси астарын барын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG