Ссылки доступа

Тәжікстан COVID-19 вирусына байланысты енгізілген шекарадағы шектеулерді жойды 


Тәжікстан билігі COVID-19 вирусына байланысты мемлекеттік шекарасына енгізілген барлық шектеулерді жойды. Осылай деп жергілікті "Ховар" агенттігі хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, мұндай шешімге өлкеде коронавирус инфекциясына байланысты жағдайдың тұрақталғаны себеп болған.

Былтыр тәжік билігі коронавирустың жаңа толқынын алдын алу үшін эпидемиологиялық шараларды күшейткен. Елдің денсаулық сақтау министрлігі әуежайда және басқа да шекара бекеттерінде күні-түні бақылау ұйымдастырған.

Ресми мәліметке қарағанда, 2022 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұқтырған бірде бір жағдай тіркелмеген.

Душанбе пандемия кезінде Тәжікстанда 17 мыңнан астам адам ковид жұқтырғанын, 124 науқас қайтыс болғанын мәлімдеген. Бірақ мамандар ресми мәлімет шындыққа сәйкес келмейді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG