"Қоғамдық көліктерге бағаны түсіруге ешқандай себеп жоқ. Жанар май құны шамалы арзандағанымен, көліктің бөлшек заттары қымбаттады. Дәл қазір жолаушылардан түскен кіріс шығынның 10-15% ғана жабады", - деді көлік министрі.
Душанбеде соңғы рет жолаушылар ақысы былтыр жазда қымбаттаған. Бұл жанар май бағасының қымбаттауымен сәйкес келген. Ол кезде дизель отыны 9,5 сомони болса, қазір бір литрі 3,4 сомони.
Ресми статистикаға сәйкес, Тәжікстан мұнай өнімдерінің 86% Ресейден, ал сұйытылған газдың 90% Қазақстаннан алады.