Ссылки доступа

Қырғызстан: танымал дәрігер Алмазбек Исманқұлов сәуірге дейін қамауға алынды


Бішкектің Октябрь аудандық соты "Көз микрохирургиясы" госпиталінің жетекшісі Алмазбек Исманқұловты 9 сәуірге дейін тергеу изоляторында ұстау жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, астана әкімшілігінің бір қызметкері де қамауға алынған. БАҚ дерегінше, Бішкектің қала мүлігін басқару жөніндегі департаментінің директоры Талант Рысқұлбек уулу 9 сәуірге дейін тергу изоляторында отырады.

Бас прокуратура 10 ақпанда Алмазбек Исманқұлов пен әкімшіліктің бірнеше қызметкерінің үстінен "жемқорлық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Құзырлы орган дерегінше, күдіктілер № 6 клиникалық аурухананың екінгі корпусындағы ғимаратты заңсыз жалға берген. Исманқұловтың ұсталғаны 11 ақпанда мәлім болды.

Алмазбек Исманқұлов - белгілі дәрігер, "Көз микрохирургясы" госпиталінің директоры.

XS
SM
MD
LG