Ссылки доступа

Қазақстанның алты өңірінде жарық сөніп қалды


13 ақпанда таңертең Екібастұз - Ағадыр электр тарату желісі істен шықты. Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Жетісу облыстары жарықсыз қалды. Бұл туралы Informburo.kz басылымы KEGOC компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Апатқа қарсы автоматтандырылған жүйе көмегімен Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңірлері толықтай жарықсыз қалу қаупінен құтылды, деп мәлімдеді компания.

KEGOC мәліметінше, оңтүстік өңірлерде жарықсыз қалған тұтынушыларға электр қуатын жеткізу үшін жөндеу бригадасы ұйымдастырылған.

Энергетика министрлігі қазір "Қазфосфат", "Арселормиттал", "Қазақмыс корпорациясы" өндіріс орындары ғана электр қуатынсыз отырғанын хабарлады.

Кейінгі екі жылда Қазақстанда электр қуаты тапшылығы жиі сезіліп жүр. Билік бұны инфрақұрылымның ескіруімен, электр қуатына сұраныстың артуымен, сонымен бірге "заңсыз майнерлердің" әрекетімен түсіндірген.

Ақпан айының басында үкіметте энергетика министрлігіне электр қуаты тапшылығын жою үшін шұғыл шара қолдану тапсырылған.

XS
SM
MD
LG