Ссылки доступа

Қырғыз құтқарушылары Түркияда төрт адамды үйінді астынан аман алып шықты


Қырғызстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құтқарушылары Түркияда үйінді астында тірі қалған төртінші адамды алып шықты. Бұл туралы қырғыз министрлігі хабарлады.

Аман қалғандар арасында жеті жастағы бала бар. Бұның алдында қырғыз құтқарушылары Түркиядағы Кахраманмараш қаласында үйінді астынан жүкті әйелді аман алып шыққан.

Дүйсенбі күні құтқарушылардың тағы бір ер азаматты үйінді астынан аман алып шығып жатқаны кезінде түсірілген видео тарады. Министрлік оны құтқарушылар аман алып шыққан төртінші адам деп таныстырды.

BBC телеарнасының хабарлауынша, Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза болғандар саны 33 мыңнан асты. Құтқарушылар тірі қалғандарды іздестіру жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

12 ақпанда Қырғызстан Түркияға 50 құтқарушы, алты дәрігер, 75 киіз үй және оларды тігетін адамдар жіберді.

6 ақпандағы зілзаладан кейін Қырғызстаннан Түркияға 63 маман аттанған.

XS
SM
MD
LG