Ссылки доступа

Петропавлда оқушы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған


Петропавл қаласында тоғызыншы сынып оқушысы № 4 орта мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының мәліметінше, екі оқушы балалар ауруханасына түскен. Оларды басы мен иығы жараланған. Үшінші оқушыға "сол жерде көмек көрсетілген".

Мектеп аумағында тергеу тобы жұмыс істеп жүр. Облыс прокуратурасының мәлімдеуінше, кәмелет жасқа толмаған Д. есімді азаматты полиция ұстады. Оқиға "кісі өлтіруге әрекеттену" бабы негізінде тергеліп жатыр.

"Петропавловск.news" сайты тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келгенін жазды. Куәгерлердің айтуынша, оқушы екінші қабаттағы әжетханаға кіріп, сол жерде киім ауыстырып, бетперде тағып шығып, 9-10 сыныптарда оқитын бір оқушы қыз бен екі оқушы баланы жаралаған, сосын үсті-басы қан болған күйі бірінші қабатқа айқайлап түскен. Басылым мәліметінше, бұл оқиға сабақ басталардан бұрын болған.

Прокуратура мәліметінше, кәмелет жасқа толмаған Д. психиатр есебінде тұр. Қазақстан оқу-ағарту министрлігі осы оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылғанын жариялады.

XS
SM
MD
LG