Ссылки доступа

Тәжікстанда ажырасу көбейіп, некелесу азайды


2022 жылы Тәжікстанда 70.6 неке қиылды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға аз, деп хабарлады статистика жөніндегі агенттік басшысы.

Статистика мәліметіне қарағанда, 2022 жылы елде 14 мың 69 мәрте ажырасқан. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Ажырасу көрсеткіші Соғды және Хатлон облыстарында жоғары. Душанбе мен Таулы Бадахшанда мұндай көрсеткіш төмен екені мәлім болды.

Мамандардың айтуынша, Тәжікстанда ажырасудың бірнеше себебі бар: тұрмыс қиыншылығы, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, сонымен бірге отбасында ауызбіршіліктің жоқтығы.

Бұған қоса, тәжік жігіттері Ресей азаматтығын алу үшін де жиі ажырасатын болған. Ресей заңдарына сәйкес, жергілікті азаматпен үйленген шетелдік жеңіл әдіспен азаматтық ала алады.

XS
SM
MD
LG