Ссылки доступа

Тәжік журналисі зороастризм қоғамын жаңғыртқысы келеді (видео)


Абдулкодир Талбаков намерен возродить и зарегистрировать общество зороастрийцев Таджикистана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:49 0:00

Тәжікстанның танымал журналисі, Душанбе қаласындағы Лохути атындағы кітапхана директоры Абдулкодир Талбаков зороастризм қоғамын жаңғыртқысы келетінін мәлімдеді. 

Ол бұл жөнінде көне дінді насихаттаушы Одинашох Курбоновты соңғы сапарға шығарып салу кезінде айтты. Зороастризм ілімін насихаттаушы Одина Шохи 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Тәжікстанда зороастризм ілімі діни бірлестік ретінде жұмыс істемейді. 2001 жылы осы ілімді насихаттаушы Рудаки Самади өлтірілген.

"Біз бұл ілімді насихаттау үшін ресми түрде тіркелуге өтініш беруіміз керек. Біз демократиялық қоғам құрамыз деп жатырмыз. Онда діни наным-сенімге де еркіндік берілуі тиіс", - дейді Абдулкодир Талбаков.

Оның сөзінше, қазір әлемде зороастризм ілімін ұстанатын 200 мыңға жуық адам бар. Оның 60 мыңы Үндістанда тұрады.

ЗороастризмЗаратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те аталады.

Атар (от), зороастризмнің негізгі рамізі

Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – "Авеста". Зороастризм ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы "мәңгілік екі бастаудың" күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.

XS
SM
MD
LG