Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 17 ақпанда өткен баспасөз конференциясында ұсталған күдіктінің аты-жөнін атамады, бірақ бұрын Восе ауданының нотариусы болғанын хабарлады.
"Біз Куляб қаласына Бас прокуратураның тергеугілер тобын жіберіп, бір күнде қылмыскердің Восе ауданыынң бұрынғы нотариусы екенін анықтадық. Ол аудандық прокурор өтінішіне сай қызметтен босаған. Кек алу мақсатында прокурордың автокөлігін өртеген. Күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр", - дейді Юсуф Рахмон.
Бас прокурор Восе нотариусы не себепті прокурор арызымен қызметтен алынғанын түсіндірмеді.
Күдікті мен оның туыстарының пікірін білу мүмкін болмады.
Жұманазар Саидахмадзода 2020 жылдан бері Восе ауданының прокуроры қызметін атқарады. Ол Куляб қаласындағы Шамсиддин Шахини ықшам ауданында тұрады.