ІІМ мәліметінше, Баткен облысының 1986 жылы туған тұрғыны үш адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды. "Кісі өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Бішкектің бесінші ықшам ауданында болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты күдікті Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұрынғы қызметкері екені мәлім болды. Мәліметтерге қарағанда, А.Ч. ҰҚМК-нің Тоғызыншы қызметінде істеген.
17 ақпанға қараған түні Бішкектің бесінші ықшам ауданында үш адамды өлтіру қылмысы тіркелді. БАҚ мәліметінше, 1972 жылы туған әйел мен оның 2005 жылғы қызы және кішкентай баласы кісі қолынан қаза болған.