Ссылки доступа

Бішкекте жаңа салық ережелеріне қарсы акция өтіп жатыр


20 ақпанда Бішкектегі Максим Горький атындағы саябақта кәсіпкерлер акция өткізіп жатыр.

Азаттықтың Қырғыз қызметі өзін Адина Қамбарова деп таныстырған кәсіпкердің айтуынша, саябақтағы акцияға шамамен жүз адам жиналды. Олар жаңа салық ережелеріне наразы екенін айтады.

"Енді біз чупа-чупс пен бәліштен бастап тауарлардың бәрін электронды жүйеге енгізуіміз керек. Касса мен электронды жүйедегі ақша бірдей болуы керек. Бірдей болмаса айыппұл салынады. Базардан тауар сатып алғандар үшін төрт пайыз салықты біз төлейміз. Патент екі есе қымбаттады, оған қоса касса аппаратын пайдалану керек. Біз тамақ сатамыз, ал оның жарамды мерзімі тез өтіп кетеді", - дейді Қамбарова.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тауар сататын кәсіпкерлер ақпарат жүйесіне тіркеліп, электронды жүйені қолдануға міндетті.

Қаңтардың басынан бері "Дордой-Диқан" базарындағы бірнеше жүз саудагер жаңа ережені алып тастауды талап етіп, митинг өткізген. Салық қызметіндегілер кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған. Салық мекемесіндегілердің айтуынша, жыл басында 14 мыңға жуық кәсіпкер электронды ақпарат жүйесіне тіркелген.

XS
SM
MD
LG