Ссылки доступа

Қырғызстан: диқандарға арзан дизель отыны сатыла бастады 


Қырғызстанда жазғы егін жұмыстары үшін диқандарға 3 миллион литр дизель нарықтан арзан – 65 сомнан сатыла бастағанын елдің ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, дизелді мемлекеттік материалдық резервтер қоры Red Petroleum компаниясымен келісімге келіп, сатып алған. Ол аудандарға квотамен бөлініп беріледі. Ол үшін диқандар жергілікті билік өкілдеріне өтініш беруі тиіс.

Қазір Қырғызстанда дизель отынының нарықтағы бағасы 74-75 сом болып тұр.

Қырғызстанда көктемгі егін жүмыстарына 42,1 мың тонна жанар май қажет. Билік арзан таратып жатқан 3 миллион литр дизель 2,5 мың тонна. Бұл егін жұмыстарына қажетті көлемнің 7,2% құрайды.

XS
SM
MD
LG