Басылым дерегінше, 2022 жылы Өзбекстанның еңбек мигранттары 35,1 пайызға, немесе 377,7 мыңға көбейген. Тәжікстаннан (51,8%, 336,7 мың адам), Қырғызстаннан (17,7%, 84,6 мың), Қазақстаннан (118,3%, 62 мың), Әзербайжаннан (21,1%, 16,6 мың), Вьетнамнан (тоғыз есе артқан, 8 мың), Молдовадан (87,7%, 4,1 мың), Түркиядан (12,9%, 2 мың), Түркіменстаннан (шамамен 100 есе, 1,6 мың) және Қытайдан (12,2%, 1,3 мың) келгендер саны да артқан.
Басылым азаматтарының Ресейге келуі азайған елдер тізімін де жариялады. Армения (8,7 %-ға азайған), Украина (52,3 %), Сербия (19,8 %), Германия (19,3 %), Франция (22,2 %), Италия (20), АҚШ (29,5 %). ), Чехия (47,8%), Австрия (36,4%) және Нидерланд (37%).
Мәскеу мен Подмосковье (40%) мигранттар ең көп келетін аймақтар деп көрсетілген. Бұған қоса Санкт-Петербург, Ленинград облысы, Краснодар өлкесі, Иркутск облысы, Свердловск облысы, Амур облысы, Приморье өлкесі, Татарстан және Краснояр өлкесі еңбек мигранттары жиі келетін аймақтар екені анықталған.