Ссылки доступа

Өзбекстан зілзаладан зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді


21 ақпанда Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасымен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жолдады.

Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, гуманитарлық жүкте киім-кешек, тұрмыс техникасы, көрпе-жастық, азық-түлік және тұрмысқа аса қажетті басқа да заттар бар.

Төтенше жағдайлар министрлігі мен көлік министрлігі жүкті Сирияға ұшақтармен жеткізді.

Түркия мен Сирияда биыл 6 ақпанда болған зілзаладан 47 мыңнан астам адам қаза болды.

Бұның алдында Өзбекстан үкіметі, кәсіпкерлер мен тұрғындар Түркияға 170 тонна гуманитарлық жүк жинаған. Оларды 6 жүк ұшағымен және 7 жүк көлігімен жеткізген.

XS
SM
MD
LG