Ссылки доступа

"Ала-ТВ" қырғыз телеарнасы құрылтайшыларының бірі қамауға алынды


Қырғызстанда "Ала-ТВ" телеарнасы құрылтайшыларының бірі Артур Халдаров алаяқтық жасады деген күдікпен Бішкектегі тергеу изоляторына қамалды. Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәліметті растады.

Прокуратура мәліметінше, Халдаров "алаяқтық" бабы негізінде қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған. Тергеу жүріп жатыр.

Прокуратураға шағымданған адам Халдаров 103 млн сомға алдап кетті деп айтқан.

2020 жылы Артур Халдаров пен тағы бірнеше адам "Скай Мобайл" ("Билайн" бренді) компаниясының радиожиілігін заңсыз сатты деген айыппен ұсталған. Кейін кінәлі деп танылып, оған 280 мың сом айыппұл салынған.

Халдаров немесе оның адвокаттары жаңа айыпқа қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ.

XS
SM
MD
LG