Олардың бәрі аталған аудандағы құрылыс компанияларында жұмыс істейді. Төбелес Жызақтан Ташкентке жұмыс істеу үшін келген жігіттер өзара ұрысып кеткеннен кейін тұтанған.
Жұмысшылар оқиға болған жерге келген инспекторларға да қарсылық көрсеткен. Қоғамдық тәртіпті бұзған 28 адам қамалды.
Яккасарай аудандық сотының шешімімен ұсталғандардың екеуі 15 тәулікке, қалғандары 10 тәулікке әкімшілік жазаға тартылған.