Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-вице-премьері Жеңиш Разаковты қамау мерзімі ұзартылды 


Бішкектің Бірінші май аудандық соты "Алаяқтық" бабы бойынша күдікке ілінген бұрынғы вице-премьер-министр Жеңиш Разаковтың бөгет шарасын қарап, оның абақтыдағы мерзімін екі айға ұзартты. 

Сот шешіміне сәйкес, Разаков 24 сәуірге дейін №1 тергеу абақтысында болады. Бұл туралы оның адвокаты Айбек Өмүров Азаттыққа хабарлады.

Ішкі істер министрлігі бұрынғы вице-премьерді 24 қаңтарда ұстаған. Оған Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық", "Қызметін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылғаны хабарланған.

Ол Қырғызстанның бұрынғы депутаты Арзыбек Буркановтың арызы негізінде ұсталған. ІІМ мәліметіне қарағанда, экс-депутат Арзыбек Бурканов былтыр қыркүйекте Разаковқа шара қолдану өтінішімен арызданған.

Арызда Разаков 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында қызмет бабымен оның сеніміне кіріп, кәсіп жүргіземіз деп 1 млн доллар алып, бермей қойғанын көрсеткен.

Жеңиш Разаков 2012-2016 жылдары Баткен облысының әкімі, кейін вице-премьер қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG