Былтыр 10 желтоқсанда газ толтыру орындарының ісіне енгізілген шектеулерге және бензинге қатысты талаптың өсуіне байланысты президент жарлығымен Аи-80 үлгісіндегі жергілікті және импорттық бензин үшін акциз салығы уақытша төленбейтін болған.
Өзбек билігінің бұл шарасынан кейін Аи-80 бензинінің бір тоннасының нарықтағы бағасы 8,09 миллион сум болып тұрғанда, 10 желтоқсаннан кейін ол 6,29 миллион сумға дейін төмендеген.
"Өзбекмұнайдың" баспасөз қызметі 1 нурыздан бастап бір тонна жергілікті Аи-80 бензинінің нарықтағы бастапқы бағасы 6,86 миллион сумды, импорттық бензин 8,036 миллион сумды құрайтынын, жалпы орташа 8,15 миллион сумға жететінін мәлімдеді.