Осыған дейін Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы күйеуіне қарсы шара қолдану өтінішімен Бішкек тұрғыны арызданғанын мәлімдеген. Оның сөзінше, күйеуі мас күйінде алты айлық баласы екеуін қатты сабаған.
Милиция отбасылық зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Қырғызстанда 2021 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейген. Елдің бас прокуратурасы 2022 жылы әйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа байланысты 6 580 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
Халықаралық Human Rights Watch (HRW) ұйымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша жариялаған баяндамасында Қырғызстанда отбасылық зомбылыққа қарсы күрес бойынша маңызды қадамдар жасалғанымен, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық фактілерінің көбі сотқа жетпей, жабылып қалып жатқанын жеткізген.