Ссылки доступа

Ташкентте өзбек-америка келіссөздері жүріп жатыр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен

Өзбекстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бахтиёр Саидов пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен көктемнің алғашқы күнінде Ташкентте келіссөз жүргізіп жатыр.

Блинкен сапарының басты мақсаты - Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті әрі қарай дамыту мәселелерін талқылау.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1 наурызда Саидов пен Блинкен кездесуінің маңызды бөлігі жабық өтті.

Жүздесуде іскерлік қатынасқа жағдай жасау үшін күш біріктіру, Өзбекстан мамандарының біліктілігін арттыру, Орталық Азия қауіпсіздігін нығайту және басқа да мәселелер талқыланды.

Блинкен Ташкентке 28 ақпанда келді. Сол күні Астанада Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан сыртқы істер министрлерінің қатысуымен С5+1 саммиті өтті. Энтони Блинкен мемлекеттік хатшы болғалы алғаш рет Өзбекстанға келіп отыр.

Мемлекеттік хатшысы Астанадағы саммитте Вашингтон Орталық Азия елдеріне Мәскеуге тәуелділіктен арылуға көмектеседі және жұмыс орындарын ашуға 25 млн доллар бөледі деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG