Ссылки доступа

Жолда қалған 70-ке жуық тәжік мигранты Мәскеуге жеткізілді  


Ресейдің Самара облысында автобус бұзылып жолда қалған тәжік мигранттары Мәскеу қаласына жеткізілді. 

Жолаушылардың айтуынша, Озоди радиосының сайтына олардың жағдайы туралы ақпарат шыққаннан кейін, "Сайри лахзаи дуньё" компаниясы мигранттарды басқа автобусқа отырғызып, 1 наурызда түнгі сағат үште Мәскеуге жеткізген.

Осыған дейін Тәжікстанның Хатлон облысынан шыққан 70-ке жуық мигрант жолда автобус бұзылып қалғанын мәлімдеген. 28 ақпанда олар Озоди радиосына видео жіберіп, "бір аптадан бері Мәскеуге жете алмай жатқанын, азық-түліктері таусылғанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG