Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі" бойынша белсенді Мамбетжүніс Абылов ауруханадан қайтадан абақтыға ауыстырылды 


"Кемпірабад" су қоймасын қорғау комитетінің ұйымдастырушысы Мамбетжүніс Абылов Ұлттық госпитальдың урологиялық бөлімінен Бішкектегі №1 тергеу абақтысына аударылды. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Эркин Булекбаев хабарлады. 

"Абыловтың операциясы сәтті болды, анализдері де жаман емес. Бірақ әлі ауруханада жатуы керек. Бұл шешімге ешкім қанағаттанбады", - деді Булекбаев.

Абылов денсаулығына байланысты тергеу абақтысынан ауруханаға 10 ақпанда жеткізілген.

XS
SM
MD
LG