Ссылки доступа

Қырғыз депутаты электронды темекіге тыйым салуды ұсынды


Қырғыз депутаты Шайырбек Тәшиев
Қырғыз депутаты Шайырбек Тәшиев

Жогорку Кеңеш депутаты Шайырбек Тәшиев парламенттің 2 наурыздағы отырысында Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салуды ұсынды.

Депутатты электронды темекіні қыздар да шегетіні толғандырады.

Тәшиевтің пікірінше, денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мекемелер халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға электронды темекі зиын екенін ескертуі тиіс.

"Электронды темекіні Қытайдан алып келеді, оның құрамы белгісіз. Әрбір екінші қыз оны шегеді. Мәселені мемлекет деңгейіне қарау керек. Денсаулық сақтау минисрлігі, ІІМ және Білім министрлігі азаматтар арасында оның зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс", - дейді Тәшиев.

Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салу мәселесі Жогорку Кеңеште бірінші мәрте көтеріліп отырған жоқ. 2022 жылғы қарашада депутат Ұлан Бакасов темекінің осы түрін сатуға тыйым салу жөнінде заң жобасын ұсынған.

XS
SM
MD
LG