Ссылки доступа

Үкімет "екі-үш айдан соң" баға түседі деп болжайды


Қазақстан қаржы министрлігі "екі-үш айдан соң" баға түседі деп болжайды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Баға түседі деп ойлаймыз, өйткені доллар бағамы артқанда импортталатын тауар да қымбаттайды. Соған байланысты импортталатын тауар жәймендеп арзандайды деп отырмыз. Көрсеткіш осы айларда жоғарғы шегіне жетті, қазір инфляция 20 пайыздан жоғары болып тұр. Екі-үш айдан соң төмендейді деп ойлаймыз", - дейді сенат ғимаратында журналистер сауалдарына жауап берген вице-премьер — қаржы министрі Ерулан Жамаубаев.

Оның айтуынша, түзету енгізілген бюджетте "инфляция деңгейі 7,5–9,5 пайыз аралығы деп белгіленген". "Біз осы деңгейді назарда ұстаймыз, баға төмендейді деп болжаймыз", - деп мәлімдеді Жамаубаев.

Бұның алдында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осы көктемде азық-түлік арзандайды деп уәде берген.

2023 жылғы қаңтарда Қазақстан азық-түлік қымбаттауы көрсеткіші бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында бірінші орынға шықты. Ұйымға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусь кіреді.

XS
SM
MD
LG