Ссылки доступа

Тәжікстандық программист телефон арқылы кітап оқитын тіркеме әзірлеп шықты


Тәжікстандық программист Мухаммад Ганизода кітап оқуға арналған тіркеме жасап шығып, оны Play Market'ке жүктеді.  

Тәжік ұлттық университетінің Әлеуметтану факультетінде оқыған Ганизода программалау өзі үшін хобби екенін, бұл істі алғаш атасының шығармаларын бағдарламаға енгізу үшін бастағанын жеткізді.

21 жастағы программист қазір белгілі тәжік ақыны Қожа Хусайн Кангуртидің өлеңдерін электрондық форматқа көшірумен шұғылданып жүр. Оның сөзінше, бір электронды кітапты Play Market'ке шығаруға екі айға жуық уақыт кеткен.

"Тіркеменің көмегімен әлемде кітапты тегін оқыса болады. Тіркемедегі кітапты қалауынша жүктеп алуға болады", - деді Ганизода.

Ол бұл іске көмек көрсету үшін бірқатар мекемелерге, оның ішінде Жазушылар одағына қайрылғанын, бірақ ешқандай көмек болмағанын айтады.

"Қазір бұл ісімнен ешқандай пайда көрмеймін. Менің мақсатым – жастарды отансүйгіштікке үйретуге әсер ететін кітаптардың электрондық форматын әзірлеу", - дейді жас программист.

Бүгінгі күнге дейін Мухаммад Ганизода тәжік ақындарының 60-қа жуық шығармасын әзірлеп, Play Market'ке жүктеді.

XS
SM
MD
LG