Ссылки доступа

Ақтөбе облысында тепловозбен соқтығысқан Бишкек - Самара пойызы әрі қарай жүріп кетті  


Қазақстанда тепловозбен соқтығысқан Бішкек - Самара бағытындағы жолаушы пойызы әрі қарай жүріп кетті. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

5 наурызда таңертең Қазақстанның Ақтөбе облысында Бішкек - Самара бағытындағы жолаушы пойызы мен тепловоз соқтығысты. Апаттан ешкім зардап шекпеді. Оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия түзілген.

Ақпаратқа қарағанда, жолаушы тасыған пойызда 200-ден астам адам отырған. Олар Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің азаматтары болған.

XS
SM
MD
LG