Ссылки доступа

Қырғызстан украин азаматы Владимир Кадарияны Беларусьқа экстрадициялады


Қырғызстан президенттен Садыр Жапаровтан елден шығармауды сұрағанына қарамастан оны Беларусьқа экстрадициялады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Кадарияның адвокаты Автандил Әлімжанов хабарлады.

Оның айтуынша, Кадарияны тергеу изоляторынан 4 наурызда алып кеткен.

"Оны біздің ІІМ өкілдері алып кетті. Олар оны екінші тарапқа табыстауы тиіс. Президентке өтініш жасадық, бірақ соған қарамастан оны алып кетті. Бас прокуратура өкімі шыққан, бірақ адвокаттар оған шағым түсірген. Бішкектің Октябрь аудандық соты адвокаттар арызын қанағаттандырмады", - дейді Әлімжанов.

Бұның алдында Украина азаматы Владимир Кадария Бішкектегі тергеу изоляторында отқан уақытта президент Садыр Жапаровқа хат жолдап, қырғыз басшысынан өзін Беларусьқа бермеуін сұраған.

Үндеуінде Владимир Кадария Беларусьтан Украинаға саяси қысымнан қашып барғанын, сол елдің азаматтығын қабылдағанын жазған. Алайда Қырғызстан бас прокуратурасы оны Беларусь азаматы деп танып, экстрадициялау туралы шешім заңды деп есептейді.

Адвокаттардың айтуынша, Беларусьта Кадария оппозициялық материалдар жарияланған интернет ресурстың әкімшісі болған.

XS
SM
MD
LG