Ссылки доступа

Тәжік журналисі Пірмұхаммадзоданы Душанбедегі абақтыдан Худжандтағы колонияға ауыстырды


Тәжікстанда сотталған журналист Әбдусаттор Пірмұхаммадзода Душанбедегі тергеу изоляторынан Худжандтағы түрмеге ауыстырылды.

Оның бауыры Әбдукәрім Пірмұхаммадзода 6 наурызда Азаттықтың Тәжік қызметіне журналисті 4 наурызда ауыстырғанын айтты. "Ол он екі күн бойы карантинде болатыны туыстарға хабарланды", - дейді журналистің бауыры.

2022 жылғы 26 желтоқсанда Душанбенің Исмоили Сомони аудандық соты Әбдусаттор Пірмұхаммадзоданы жеті жылға соттады.

Туыстары сот үкімінің көшірмесін әлі алмағанын айтқан, алайда сот оны тыйым салынған ұйыммен байланыс орнатқан деп таныған.

Былтыр тергеу изоляторында отқан уақытта журналист хат жазып, жабық мекемеде азапталғанын, психологиялық қысымға ұшырағанын айтқан, тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарған.

45 жастағы журналист негізінен мемлекеттік ақпарат құралдарында жұмыс істеген. 2020 жылғы қарашада ол тәжік президентіне бейнеүндеу арнап, елдегі жұмыссыздық пен айыппұлдың көп екеніне шағымданған.

XS
SM
MD
LG