Ахмадали екі жыл бұрын заңсыз есірткі саудасы айыбымен алты жылға сотталған.
Бір апта бұрын Нуровтың туыстары жарты жылдан бері одан хабар-ошар жоқ екенін мәлімдеген.
"Не тірі, не өлі екенін білмейміз. Бір ай бұрын бір адам телефон соғып, Ахмадалидің қаза тапқанын, бірақ денесі табылмай жатқанын хабарлаған", - дейді жақындарының бірі.
Ахмадали Нуровтың денесі 5 наурызда туыстарына берілген.
Озоди мәліметінше, былтыр Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан тәжікстандықтарды “Вангер” жеке әскери компаниясы Украинадағы соғысқа азғырған.