Ссылки доступа

Түрік оппозициясы президент сайлауына ортақ кандидат ұсынды


Опозицияның ортақ кандидаты Кемал Кылычдароглу.
Опозицияның ортақ кандидаты Кемал Кылычдароглу.

Алты оппозициялық партиядан құрылған "Халықтық альянс" атынан ортақ кандидат ретінде Кемал Кылычдароглу президент сайлауына түсетін болды. 74 жастағы саясаткер – кезінде Түркия президенті Мұстафа Кемал негізін қалаған Халықтық-республикалық партияның қазіргі төрағасы.

Euronews "ортақ кандидат таңдау оңай болған жоқ" деп хабарлайды. Кемал Кылычдароглу ортақ кандидат болғанына Жақсы партияның басшысы Мераль Акшенер қарсылық білдірген. Оппозициялық блоктағы дәрежесі жағынан екінші тұрған партияның жетекшісі Акшенер – бұрынғы ішкі істер министрі. Ол Кемал Кылычдароглудың оппоненті ретінде Стамбул мен Анкараның мэрлерін қолдайды. Оппозиция билікке келсе, екі мэр вице-президент болады деген уәде алған соң ғана, "Халықтық альянс" құрамынан шықпауға келіскен.

Президент сайлауында оппозиция жеңіске жетсе, мемлекет басшысының бірқатар өкілеті қысқарып, парламенттік жүйеге көшу басталуы мүмкін.

Режеп Ердоған 10 наурызда сайлауға дайындықты бастау жөніндегі қаулыға қол қоятынын хабарлаған. Қол қойылғаннан кейін 60 күн сайлауалды кезең өтіп, 14 мамырда президент сайлауы болады.

XS
SM
MD
LG