Ссылки доступа

Душанбеде қырғыз-тәжік шекарасы жөнінде келіссөз өтеді


Душанбеде 10-16 наурыз аралығында Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара мәселелері жөніндегі жұмыс топтары кездеседі.

Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров Бішкектен баратын топ құрамын бекітіп, үкіметтің шекарадағы өкілі Назәрбек Бөрубаевты оның жетекшісі етіп тағайындады.

3-9 ақпан аралығында қырғыз-тәжік шекарасына қатысты кезекті кездесу өткен. Ресми мәліметке қарағанда, жүздесуде тиісті хаттамаларға қол қойылған. Келесі кездесу Тәжікстан аумағында өтетіні хабарланған.

Қырғызстан мен Тәжікстанның ортақ шекарасы 972 шақырымға созылып жатыр. Екі елдің президентері соның 664 шақырымына қатысты ортақ пікір қалыптасқанын растады. Шекара толық шегенделмеуіне байланысты даулы жерлерде үнемі жанжал болып тұрады. Шекарадағы жанжал кейде қарулы қақтығысқа ұласып кетеді.

XS
SM
MD
LG