Ссылки доступа

Мирзияевқа Конституцияға түзетулердің соңғы нұсқасын ұсынды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 6 наурызда парламент депутаттарымен, Жоғарғы сот жетекшілерімен кездесіп, Конституцияға енгізілетін түзетулілерге қатысты ұсыныстарды талқылады.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутаттар қоғамнан түскен 200 мыңнан астам ұсынысты зерделеп, сонымен бірге халықаралық тәжірибені де ескерген.

Соның нәтижесінде Конституцияға түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы заң жобасының түпкілікті нұсқасы дайындалған. Заң жобасын Конституциялық сот қарап, қорытындысын береді.

Конституцияға түзетулер енгізу жобасы былтыр 25 маусымда халық талқылауына ұсынылған. Бірнеше күннен соң, 1-2 шілдеде Нөкісте көтеріліс болып, заң жобасын талқылау мерзімі 1 тамызға дейін ұзартылған. Нөкістегі баскөтеруге заң жобасында Қарақалпақстанның егемен ел мәртебесі мен оның республика құрамынан шығу құқығы түсіп қалғаны себеп болды.

Президент Шавкат Мирзияев 2022 жылғы қазанда Сырдария облысындағы жиналыста "Конституцияны өзгертуге асықпау керек" деп мәлімдеген.

Билік конституциялық заң жобасына қатысты референдум өткізуді көздеп отыр, алайда оның қашан өтетіні әзірге белгісіз. Жаңа Конституция қабылданса, президент мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзарады.

XS
SM
MD
LG