Ссылки доступа

Қырғызстан билігі екі жылда қорғанысқа 1 млрд доллар бөлген


Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік жөніндегі ұлттық комитетінің басшысы Қамчыбек Тәшиев үкімет армияны нығайтып жатқаны туралы мәлімдеді.

Ош облысына сапарлап барған Тәшиевтің айтуынша, кейінгі екі жылда қорғаныс саласына 1 миллиард доллар бөлінген.

"Қарулы күштерімізге әскери техниға, қару-жарақ және басқа да заттар сатып алып жатырмыз. Біз қазір бұрынғыдай осал емеспіз, қаруымыз басқа елдерден кем түспейді. Бізде кей елде жоқ қару бар. Тағы сатып алып жатырмыз. Соғысқа дайындық емес, қорғануға дайындалып жатырмыз", - деп мәлімдеген Тәшиев.

2021 жылы билік Қырғызстанның әскери техникасын жаңартуға бюджеттен ақша бөлінгенін мәлімдеген. Атап айтқанда, Бішкек Ресей мен Түркиядан ұшқышсыз ұшақтар сатып алған. Одан кейін де түрлі қару-жарақ сатып алғаны хабарланған. Ақпан айында Беларусьтан "Печора-2 БМ" зымыран кешені алынған.

2022 жылы үкімет басшысы Ақылбек Жапаров қауіпсіздік саласына 2021 жылы 31,2 млрд сом, 2022 жылы 52,2 млрд сом аударылғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG