Ссылки доступа

БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссары Өзбекстанға барады 


Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13-15 наурыз аралығында Өзбекстанға барады. 

Мемлекеттік "УзА" агенттігінің хабарлауынша, сапар аясында БҰҰ өкілі Өзбекстанның Адам құқықтары бойынша ұлттық орталықтың, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның және ішкі істер министрлігі жетекшілерімен және парламент депутаттарымен кездеседі.

Бұдан бөлек Фолькер Тюрк Қарақалпақстанға да барады деп күтіледі.

Ақпан айының соңында Өзбекстанға барған АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қарақалпақстан оқиғаларында күш органдары адам құқықтарын бұзғаны жөнінде айтылып жатқан пікірлер бойынша толық әрі ашық зерттеу керек екенін мәлімдеген.

Былтыр 1-2 шілдеде Қарақалпақстан орталығы Нүкісте тұрғындар Өзбекстан Конституциясынан егемендік туралы бапты алып тастауға қарсы шыққан. Митингтер күшпен басылып, қан төгілген. Өзбек билігі 21 адам қаза болып, 243 адам жарақат алғанын және 500-ден астам адам ұсталғанын мәлімдеген.

Осыған дейін Өзбекстанға БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссары 2017 жылы мамыр айында барған. Ол кезде бұл қызметте Зейд Раад әл -Хусейн істеген.

Фолькер Тюрк бұл қызметке 2022 жылдың қазан айында тағайындалды.

XS
SM
MD
LG