Сапар аясында Жапаров көрші елдің жоғары лауазымды жетекшілерімен кездесіп, бірқатар өнеркәсіп және ғылыми-техникалық кәсіпорындардың жұмысымен танысқан.
Ол сонымен бірге Әндіжан облысы Асаке қаласындағы UzAuto Motors компаниясына барған. Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жапаров онда бұл компаниямен өзара әріптестік мәселесін талқылаған.
"Бұдан бөлек Ақылбек Жапаров Өзбекстанның Жызақ облысының Манас ауылында тұратын этникалық қырғыздармен кездесуді де жоспарлаған",- деп жазады қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі.