Ссылки доступа

36 жастағы ресейлік журналист Александр Нечаев Ташкентте қайтыс болды


Ресейлік жас журналист Александр Нечаев Өзбекстан астанасында қайтыс болды. Бұл туралы "Бюллетень кинопрокатчика" Telegram-арнасы хабарлады. Марқұм осы арнасының бас редакторы болған.

"Комсомольская правда" газетінің тілшісі Денис Корсаковтың хабарлауынша, Нечаев Ташкентке бір-ай уақытша тұруға келген. Сәуірдің ортасында Мәскеуге кері қайтуы керек болған.

Корсаковтың айтуынша, 6 наурыздан бастап Нечаев телефонға, мессенжерлердегі хабарларға жауап бермеген. Кешке "Бюллетень кинопрокатчика" журналының нөмірін тапсырмаған. Бұл - кино кәсібі туралы ірі балысым.

"Ешқашан кешіктірмейтін. Саша жұмысына өте жауапты қарайтын. Сейсенбі күні Ташкентте тұратын таныстар тауып, оны жағдайын біліп беруін сұрадық. Олар жалдамалы пәтерге полициямен, пәтер қожайынымен бірге барып, есікті ашып кіріп, Сашаның өлгенін білді. Оның неден өлгені әзірге белгісіз. Жүрегі сыр беруі мүмкін", - деп жазды басылым.

Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов те журналист Александр Нечаев қайтыс болғанын растады. Оның айтуынша, бас редактор жүрек ауруынан қайтыс болған. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG