Ссылки доступа

Мариупольде жұмыс істеп жүрген тәжік мигранттары алданып қалғанын айтады 


Ресей басып алған Украинаның Мариуполь қаласында бұзылған ғимараттарды қалпына келтіру жұмысында жүрген тәжік мигранттары уәде еткен айлықты ала алмай жүргенін айтады. 

Тәжікстандықтардың көбі қираған қалада былтыр қазан-қараша айларынан бері жұмыс істеп келеді.

Сафарали есімді тәжік мигранттарының бірі 300-ге жуық адамның айлық ала алмай жүргенін айтады. "Жұмыс берушілер айына 120 мың рубль төленеді деген. Бірақ алғашқы айда тек жартысын ғана алдық", - дейді ол.

Мариупольды былтыр мамыр айында Ресей әскері басып алған. Украина билігінің мәліметінше, қаланың 95 проценті қираған. Қазір Ресей бұл қаланы қалпына келтіруге тырысып жатыр.

Тәжікстан билігі азаматтарына Украинаға бармауға кеңес берген. Киев болса, Мариупольде заңсыз жұмыс істеп жүрген мигранттар ұсталатын болса, украин және халықаралық заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

XS
SM
MD
LG